Оңтүстік Кореяның Ресейге aurus лимузиндерін жинауға арналған бөлшектерді жеткізетіні хабарланды. Есте болса, Путин мұндай көлікті Ким Чен Ынға сыйға тартқан еді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
2023 жылға дейін Ресей Оңтүстік Кореядан Aurus машиналарына арналған құрастыру жабдықтарын импорттады.
Кедендік есептерге сәйкес, 2018 жылдан 2023 жылға дейін Ресей көптеген елдерден құны кемінде 34 миллион доллар тұратын Aurus автомобильдері мен мотоциклдерін құрастыруға арналған жабдықтарды, компоненттерді импорттады.
15,5 миллион долларға жуық жеткізілімнің бір бөлігі Оңтүстік Кореядан келді. Reuters журналистер Ким Чен Ынға сыйға тартқан Aurus-та қандай импорттық бөлшектер болғанын нақты анықтай алмағанын айтады.
Оңтүстік Кореяның kyungki Industrial Co компаниясы Ресейге Aurus бөлшектерін жеткізуді жалғастыратынын растады. Компания қазір алдағы уақытта орнауы мүмкін санкцияларлар сескеніп отырған жоқ. Алдағы уақытта да мұндай жеткізілімдерді жалғастыратынын айтты.