Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин алғаш рет Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді

10:16, 18 наурыз 2024 260

Ресейлік оппозиционер Навальныйдың қазасына Ресей президенті Путин алғаш рет пікір білдірді. Навальныйдың болардан бірнеше күн бұрын Путинге Навальныйдың әріптестерінен оны басқа тұтқындарға айырбастау туралы ұсыныс түскен. Мұны Путиннің өзі айтты.

Путин мұндай ұсынысты кім айтқанын нақтыламады, бірақ бірден келіскенін мәлімдеді. Олар Навальныйды Батыс елдерінде түрмеде отырған ресейліктерге айырбастауды жоспарлаған. Алайда ол осы арада қайтыс болып кеткен.

 

«Мұндай болып тұрады, қолдан келе шара жоқ», - деді Путин.

Ресейдің қазіргі президенті сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін  сайлау штабында сөйлеген сөзінде марқұм оппозиционерді атап өтті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар