Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық әріптестігі, тату көршілігі және одақтастық байланыстарының берік орныққанына ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, екі жақты өзара іс-қимылдың барлық маңызды бағыттарындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Назарбаев Путинмен Кремльде кездескен болатын.