Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Путинге сенемін! Маған Ресеймен қарым-қатынас жасау жеңілірек”. Трамп күтпеген мәлімдеме жасады

14:28, 09 наурыз 2025 1598

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен қарым-қатынас жасау Украинаға қарағанда  «жеңілірек» екенін және соғысқа нүкте қоюда  Владимир Путинмен жақсы өзара түсіністігі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы dw.com басылымы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Маған, шынын айтқанда, Украинамен қарым-қатынас жасау барған сайын қиындай түсуде және олардың (украиндердің – ред.) қолында ешқандай карта жоқ. Бәлкім, Ресеймен жеңілірек болар», – деді Трамп Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Мәскеуге жаңа санкциялар салатынын айтып сес көрсеткен болатын. Алайда Ақ үйде ол Ресей әскерінің 7 наурызға қараған түні Украинаға жасаған жаппай бомбалауын түсінетінін мәлімдеді.

«Шын мәнінде, менің ойымша, ол (Путин – ред.) дәл қазір өзінің орнында кез келген адам жасайтын әрекетті жасап жатыр», – деп AFP агенттігі Трамптың сөзін келтірді.

АҚШ президентінен Украинаға ресейлік шабуылдан қорғану үшін неге қорғаныс қаруларын бермейтіні сұралғанда,  Трамп украиналық көшбасшылардың соғысты тоқтатқысы келетініне сенімді емес екенін айтты.

«Мен олардың жағдайды реттегісі келетінін нақты білуім керек», – деп The Hill басылымы Трамптың сөзін келтірді.

Сондай-ақ Дональд Трамп Ресей президентімен қарым-қатынасына да тоқталды.

 «Мен әрдайым Путинмен жақсы қарым-қатынаста болдым. Ал сіздер білесіздер, ол соғысты аяқтағысы келеді. Ол өзіне қажет болғаннан да жомарт болады деп ойлаймын және бұл өте жақсы. Мен оған сенемін», – деді Трамп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар