Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Украинаға қарсы соғысқа сириялық содырларды жалдап жатыр

07 наурыз 2022 188
 



Путин Украинаға қарсы соғысқа сириялық содырларды жалдап жатыр.

Содырларға Украинаға бару үшін 200-300 доллар ақша ұсынған.

Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Мәскеу Украинаға қарсы операцияға соғысқа машықтанған сириялықтарды тартып жатыр. АҚШ билігі Ресейдің мұндай әрекеті қалаларға шабуылды күшейтуі мүмкін екеніне сенімді.

АҚШ-тың төрт өкілінің пікірінше, Сирияда 2015 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан Ресей олардың қалалық соғыстағы тәжірибесі Киевті жаулап алуға және Украина үкіметіне жойқын соққы беруге көмектесетініне үміттеніп, соңғы күндері сол жерден жауынгерлерді жалдап жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Украинадағы соғыс қимылдарының ықтимал өршуін көрсетеді.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?