Украина президенті Владимир Зеленский Ресей газының Украина арқылы транзитінің тоқтатылуы Ресей мен оның президенті Владимир Путин үшін ең ауыр жеңілістің бірі екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.
«25 жылдан астам уақыт бұрын Ресейде Путинге билік берілген кезде, Украина аумағы арқылы Еуропаға жыл сайынғы газ жеткізу 130 миллиард текше метрден астам болды. Бүгінгі таңда ресейлік газдың транзиті – 0. Бұл – Мәскеудегі ең үлкен жеңілістерінің бірі», - деп атап өтті Зеленский.
Президент энергетикалық ресурстарды қару ретінде пайдалану және энергетикалық бопсалау Ресейдің негізгі нарық – Еуропадан айырылуының басты себебі екенін атап өтті.