Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин мен Зеленский Астанада кездесуі мүмкін бе? – Украина сыртқы істер министрі жауап берді (ВИДЕО)

16:29, 08 қыркүйек 2026

Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер Қазақстанда өтуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Білесіз бе, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерді өте терең әрі кәсіби деңгейде түсінеді. Біз оның ең күрделі мәселелер бойынша принципті ұстанымын ашық білдіре алатын қабілеті мен батылдығын жоғары бағалаймыз.

Нью-Йоркте Бас Ассамблея аясында өткен кездесу барысында президент Зеленский де президент Тоқаевпен бейбітшілікті жақындатуда Қазақстанның атқара алатын ықтимал рөлін талқылады. Біз мұндай күш-жігерді құптадық. Мәселен, Зеленский мен Путиннің Қазақстанда кездесу өткізу мүмкіндігі де сөз болды. Қазақстан мұндай рөл атқара алады деп санаймыз, – деді Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар