Украина 2025 жылы ұзақ әрі әділ бейбітшілікке қол жеткізу үшін бар күшін салуды жоспарлап отыр, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский әлемдік көшбасшылар қатысқан «Украинаға қолдау көрсет» саммиті барысында мәлімдеді.
«Бұл жыл нақты әрі сенімді бейбітшіліктің басталатын жылы болуға тиіс. Путин бізге осы бейбітшілікті сыйламайды, оны ештеңеге айырбастап бермейді. Біз бейбітшілікті күшімізбен, даналығымызбен және бірлігімізбен, өзара ынтымақғымызбен алуымыз керек. Бейбітшілікті бір сағатта немесе бір күнде жариялауға болмайды, өкінішке қарай, бұл шындық. Егер біреу бейбітшілік тек солай, негізсіз және қауіпсіздік кепілдіктерінсіз жариялай салуды ұсынатын болса, бұл жұмыс істемейді», — деді Президент.
Зеленский сонымен қатар, Украина үшін сенімді әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік дегеннің не екенін түсіндірді.
«Сенімді және ұзақ мерзімді бейбітшілік – бұл тек майданда тып-тыныш болу емес. Біз 2014 жылдан бері Ресей 25 рет уақытша тоқтатылған атысты бұзғанын естен шығармаймыз. Қызығы, генерал Келлог Украинада болған кезде, мен оған және АҚШ Президентіне Ресейдің бұзған барлық атыс тоқтату деректерін тіркеген құжатты тапсырдым. Сондықтан бейбітшілік салмақты дипломатияның және нақты қауіпсіздік кепілдіктерінің нәтижесі бола алады», — деді ол.
Еске салсақ, Киевте «Украинаға қолдау көрсету» саммиті басталды, оған серіктес елдердің көшбасшылары мен Еуроодақ басшылығы қатысуда. Бұл іс-шара Ресейдің кең ауқымды басып кіруінің үшінші жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған осы күні Украинаға келген делегациялар да қатысуда.