Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Продюсер зорлады»: Әлеуметтік желіде тараған мәлімдемеге қатысты министрлік жауап берді (ВИДЕО)

14:26, 13 мамыр 2026

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған Нұрғали Нұғманның мәлімдемесіне қатысты ресми тексерісті қолға алды, деп жазады Alash.kz. 

Жас жігіт бала кезінде «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың бірінің продюсері тарапынан сексуалдық сипаттағы қысым көргенін ашық айтқан болатын. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдарын жоспарлап отыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл жағдайдың ведомство бақылауында екенін жеткізді. Оның айтуынша, жәбірленушінің барлық уәждері мұқият тексеріліп, құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта арызданушының шетелде жүргені белгілі болды.

Санжар Әділов тергеу барысы туралы былай деді:

«Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасы бойынша біз де жедел әрекет еттік. Алматы қаласы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріп үлгерді. Сонымен қатар, құқықтық процестік баға тергеу барысында берілетінін айтқым келеді. Тиісті тергеу жұмыстары басталды, барлық уәждер тексеріледі. Қазіргі уақытта арызданушы Қазақстаннан тыс жерде, ҚНР-да жүр. Ол елге келген бойда барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіледі».

Айта кетейік, Нұрғали Нұғман бұған дейін бейнеүндеу жариялап, балалық шағында болған қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін баяндаған еді. 
 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар