Киевте Владимир Зеленскийдің 2025 жылға арналған жоспарлары бойынша баспасөз конференциясы басталды. Бұл туралы «Правда Геращенко» телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Украина президенті Владимир Зеленский бірнеше маңызды мәлімдеме жасады:
Ертең шешуші күн болуы мүмкін. Киевте серіктестермен саммит өтеді. 13 мемлекет өкілдері келеді, 24 ел онлайн қосылады. Көреміз.
Бізде Украинаға қолдау көрсету бойынша маңызды шешімдер қабылданды.
Егер бұл Украинаға бейбітшілік әкелсе, мен президенттік өкілеттігімді тоқтатуға дайынмын. Мен билікте ондаған жылдар бойы жабысып қалуды мақсат етпеймін.
Украина келіссөздерге қатысатын негізгі тараптар ретінде Еуропа, АҚШ және Ресейді қарастырады. Бұл – біздің ұстанымымыз.
АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегі 100 млрд долларды құрайды, бірақ 350 млрд емес.
Бізге Трамптың қауіпсіздік кепілдіктері өте қажет. Мен оның соғысты аяқтауға көмектесетініне сенемін. Қауіпсіздік кепілдіктері экономикалық келісімдер арқылы да қамтамасыз етілуі мүмкін.
500 млрд доллар қарызды мойындамаймыз. Бұл сан шынайы мәліметке сәйкес келмейді. Мен 100 млрд долларды да қарыз деп есептемеймін, өйткені, біз Байденмен бұл көмектің грант екені жөнінде келіскенбіз. Ал грант – қарыз емес. Мен украиндықтардың болашақ он ұрпағы өтейтін борышқа қол қоюға дайын емеспін.
АҚШ табиғи ресурстар жөніндегі келісім аясында Украинадан көрсетілген көмектің 100%-дық үстемесін алуды көздейді.
Ермак қазіргі уақытта америкалық серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Енді 500 млрд доллар туралы сөз жоқ, қосымша пайыздар да қарастырылмаған. Біз алға жылжып келеміз.
Трамп – мәңгілік президент емес. Ал бізге ұзақ жылдарға тұрақты бейбітшілік қажет.