Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Президент Трамптың байыпты шешімін қолдаймыз" - Қасым-Жомарт Тоқаев

20:38, 11 сәуір 2025 368

Біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше ретке келтіреміз. Шымкент халқымен кездескен Мемлекет басшысы осылай деді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы Жаһандық сауда соғысының өршуі жайлы пікір білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Трамптың шешімін құптайтынын жеткізді. Себебі, елдердің бір-біріне қарсы тарифтер енгізуі әлем экономикасының құлдырауына түрткі болып, халықаралық сауда-саттықтың бүкіл ережесін тас-талқан етуі, тіпті, оның соңы қарулы қақтығыстарға дейін ұласуы мүмкін.

– Баршаңызға белгілі, жаһандық сауда соғысының өршуі салдарынан дүние жүзінде күрделі ахуал қалыптасып келеді. Егер мұндай текетірес орын алса, оның зардабын барлық ел тартады. Оған еш күмән жоқ. Бұл ретте біз Президент Трамптың аталған қақтығысқа қатысы бар елдердің ұстанымдарын нақтылап, мүмкіндігінше келіссөз бастау үшін 90 күн мораторий жариялау туралы байыпты шешімін құптаймыз. Сарапшылар елдердің бір-біріне қарсы тарифтер енгізуі әлем экономикасының құлдырауына түрткі болып, халықаралық сауда-саттықтың бүкіл ережесін тас-талқан етуі, тіпті, оның соңы қарулы қақтығыстарға дейін ұласуы мүмкін деп ескертеді. Апта басында барлық негізгі индекстердің мәні төмендеп, мұнай бағамы барреліне 60 доллардан аспады. Алайда Америка билігі тарифтерді кейінге қалдыру туралы шешімін жариялаған соң, биржадағы бағалар өсті - деді Тоқаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар