Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет басшысы кадрлық ауыс-түйіс жасады

16:17, 10 тамыз 2026

Әділ Сүбебаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметті бұған дейін атқарған Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов лауазымынан босатылды. Қайрат Дәуітов бұл лауазымға 2024 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар