Әділ Сүбебаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметті бұған дейін атқарған Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов лауазымынан босатылды. Қайрат Дәуітов бұл лауазымға 2024 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалған еді.