Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяу Шығыстағы ахуал: FlyArystan жолаушыларға маңызды хабарлама жасады

15:00, 10 тамыз 2026

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп жазады Alash.kz.

«FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстердің орындалуын уақытша тоқтату мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартылғанын хабарлайды»,- деп мәлімдеді әуе компаниясы.

Бұған дейін аталған бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 29 тамызға дейін (қоса алғанда) тоқтатылғанын туралы хабарлаған болатын.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді»,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар