Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI 2026 халықаралық олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де екі алтын, екі күміс және төртқола медаль алып, жүлдеге ие болды, деп жазады Alash.kz.
Олимпиададағы үздік нәтижелердің бірін қазақстандық Даужан Бекетов көрсетті. Ол IOAI 2026 абсолюттік рейтингінде екінші орын алды.
Ортада: олимпиаданың 500 қатысушысы арасында екінші орын алған Даужан Бекетов
Олимпиада Астанада 2-8 тамыз аралығында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жасанды интеллект саласындағы ең мықты жас мамандарды жинады. IOAI 2026 бас серіктесі Kaspi.kz болды.
Kaspi.kz Қазақстанда жасанды интеллектті белсенді дамытып келеді. Биыл компания толығымен қазақстандық команда әзірлеген Kasper жеке AI-көмекшісін таныстырды.
Мұндай технологиялар Қазақстанда алдағы уақытта да жасалуы үшін елге талантты бағдарламашылар, инженерлермен зерттеушілер қажет. Сондықтан Kaspi.kz жас IT-мамандарды, спорттық бағдарламалау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша жарыстарды қолдайды, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясымен ынтымақтастық орнатып, ұлттық құраманы халықаралық жарыстарға дайындауға көмектеседі.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізінқалаушылардың бірі: