Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады

21:35, 31 тамыз 2026

Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. 

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар