Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Популизм мен дау-дамайға жол беруге болмайды". Тоқаев АЭС салуға қатысты соңғы шешімді кім айтатынын жеткізді

20:16, 31 мамыр 2024 570

Қазақстан Президенті Алматыда ғалымдармен өткен кездесуде ядролық энергетиканы құруға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz сайты. 

"2030 жылға қарай энергия қуатының тапшылығы алты гигаватқа жетеді. Бұл экономикамыздың даму қарқынын едәуір бәсеңдетіп, тұрғын үй-коммуналдық саласын дағдарысқа әкеп соқтырады. Ол халқымыздың тұрмысына кері әсер етеді. Проблеманы шешудің бір жолы атом энергетикасы болуы мүмкін. Энергетикалық сектор өкілдері осы амалды бір ауыздан қолдайды" - деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазақстан – табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Біз ядролық отынның компоненттерін өз елімізде өндіреміз. Бұл – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз. Оны пайдалана білуіміз қажет. Аталған мәселені қоғамда және кәсіби ортада кең ауқымда әрі жан-жақты талқылау керек. Бірақ популизм мен дау-дамайға жол беруге болмайды. Ғылыми қоғамдастық бұған қомақты үлес қосып, объективті және прагматикалық қағидаттарға негізделген салмақты пікір айтады деп ойлаймын. Ядролық энергетиканы құруға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда атом электр станциясын салуға үмітті елдің қатарына АҚШ пен Жапония да қосылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар