Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Польша Белорусьпен шектесетін аумағын қорғау үшін сарбаз санын еселеді

10:29, 11 шілде 2024 543

"Шығыс қалқаны" жобасы аясында 8000 поляк әскері елдің шекара қызметіне қолдау көрсетеді. Тағы 9000 сарбаз резервте болады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Беларусь шекарасындағы операцияларға қатысатын поляк әскери қызметшілерінің саны 6000-нан 17000-ға дейін артады. Бұл туралы сәрсенбі, 10 шілдеде, Польша Қарулы Күштері, Бас штабының басшысы генерал Веслав Кукулу хабарлады. Қазіргі уақытта поляк-Беларусь шекарасын 6 мың сарбаз, сондай-ақ 1,5 мың шекарашылар мен полиция қызметкерлері күзетіп жатыр.

Кукула атап өткендей, Польша Қорғаныс Министрлігі Шығыс шекараны қорғау үшін барлығы 17000 сарбазды тартады. Оның ішінде 8000-ы тікелей шекарада қызмет етеді тағы 9000-ы резервте қалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?