Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Полицейлерді шапалақпен ұрған»: Жетісу облысы соты үкім шығарды

22:44, 12 мамыр 2026

Жетісу облысы Қаратал ауданының соты учаскелік инспекторға шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім кесті, деп жазады Alash.kz. 

Оқиға полицей «102» пультіне түскен шақыртуды орындау барысында орын алған. Құқық бұзушы қызметтік міндетін атқарып жүрген маманның бетінен бірнеше рет ұрып, погондарын жыртып, бейнежетонын жұлып алған.

Сот шешімімен айыпталушы екі жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар жазасын өтеуші мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады. Мемлекетке келтірілген барлық материалдық шығын сотталған азаматтан толықтай өндірілді.

Қазіргі уақытта сот үкімі ресми түрде заңды күшіне енді. Мамандар билік өкіліне бағынбау және күш қолдану ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар