Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Петропавлда қонақ үйдің 5-қабатынан бес жасар бала құлап кетті

09:58, 11 тамыз 2026

Петропавлда бес жасар бала қонақүйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Петропавлда бес жасар бала қонақүйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Оқиғадан кейін бала шұғыл түрде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылған.

 Сонымен қатар дәрігерлер оның оң жамбас, балтыр және табан аймақтарынан соғылу мен гематомаларды анықтаған.

«Қазіргі уақытта бала төсек режимін сақтап, ем қабылдап жатыр. Емдеу хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Алайда жағдайына байланысты мұндай қажеттілік туындаса, операция жасалады», – деп хабарлады ведомство.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын, соның ішінде бала құлаған сәтте ересектердің қайда болғанын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар