Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда жұмысына 10 минут кешіккен әйелді бастығы ұрып-соққан

07:37, 15 желтоқсан 2022 324
 


Павлодарда мекеме басшысы қол астындағы қызметкер әйелдің жұмысқа 10 минут кешіккені үшін мұрнын бұзды. Бетін көгертіп, денесіне түрлі жарақат салған, деп хабарлайды Astana телеарнасы.

Юлия Пузина — фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Спорт кешенінде еңбек еткеніне 13 жылдан асқан. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет ескерту алмаған қызметкер бар болғаны 10 минутқа кешігіп қалған. Сол үшін басшысы жаттықтырушыны кабинетіне қуып барып, соққының астына алған.

«Ол артқа бұрылып кабинеттің есігін тарс жапты да, мені жұдырықпен бетімнен ұрды. Қатты соққыдан есімді жоғалтып ала жаздадым. Теңселіп барып, әрең өз-өзіме келдім. Сосын ол маған түрлі балағат сөздер айтып, бұл жерден тірі кетпейсің — деп айғайлады. Жұдырығы мұрныма тиіп, қан кетті»,- зардап шегуші Юлия Пузина.

Соққының салдарынан әйелдің миы шайқалып, бетінің жақ сүйегі көгерген. Аяғында да жарақат іздері бар. Қазір аталған іске байланысты мекемеде қызметтік тексеру басталды.

«Біздің мекемеде аталған іске байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар жаттықтырушыны соққыға жығу дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізеді», — дейді  Жоғары спорттық шеберлік мектебінің заңгері Мақсұт Байғабылов.

Ал жұмысшының құқығын қорғайтын еңбек басқармасы зардап шегушіге тек заңдық тұрғыдан ғана көмек көрсете алатындарын айтады.

«Бұл кәсіпорын шағын бизнес нысанына жатады. Сондықтан, оған біз тексеру жүргізе алмаймыз. Президент жарлығымен тексеру жүргізуге мараторий жарияланған. Сол себепті зардап шегушіге тек құқықтық көмек бере аламыз», - дейді Павлодар облыстық еңбек басқармасының бас маманы Ербол Сайфуров.

Қатал басшының қатаң әрекеті сотта қаралып жатыр. Ал зардап шегуші уақытша жұмысқа жарамсыз. Сондықтан да ол бастығы жауапгершіліктен құтылып кете ме — деп алаңдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар