Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда бюджеттен мүгедектерге берілетін 19 млн теңге ұрланған

07:37, 19 қаңтар 2024 210



Корпоративтік қордың президенті 5 жылға сотталды




Павлодарда бюджеттен мүгедектерге берілетін 19 млн теңге ұрлаған корпоративтік қордың президенті ұсталды. Қордың басшысы болған әйел жалған еңбек шарттарын жасап, қазынаға қол салған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол бас бостандығынан айырылды.

Сотталған азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, қордың вице-президентімен бірге мүгедектерге көмек көрсететін адамдарға қызмет көрсетудің ақысын бюджет қаражатынан алаяқтықпен жымқырған. Олар осы ұйымда жұмыс істемейтін адамдармен жалған еңбек шарттарын рәсімген. Осылайша, бюджет қаражатынан 19 млн теңгеден астам қаражатты қалтаға басқан. Сот сотталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталған өзінің кінәсін түсініп, жасаған ісіне өкінді. Абай облысы бойынша әйелдер колониясына келген күннен бастап мекеме қызметкерлері сотталушының құқығы мен міндеттерін түсіндірді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анар Сабиева.

Павлодардың 62 жастағы тұрғыны 1, 2, 3-топтағы мүгедектер бірлестігіне жіберілетін, олардың құқығы мен мүддесін қорғауға, мүгедектерді еңбекке, мәдениет және спортқа баулуға, олардың әлеуметтік оңалуы мен басқа да көмектеріне қолдау көрсететін корпоративтік қордың президенті болған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар