Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар тұрғындарын маса "жеп" жатыр (ВИДЕО)

09:26, 11 маусым 2026

Павлодар облысында масалардың жаппай көбеюі тұрғындардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде Щербақты ауданындағы Шошқалы ауылында түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Кадрларда жүздеген масаның бір мезетте ер адамға шабуыл жасағаны көрінеді. Тіпті қалың киімнің өзі жәндіктерден қорғай алмай қалған.

Шербақты ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көшеге арнайы қорғаныс құралдарынсыз шығу мүмкін болмай қалғанын айтады. Атап айтқанда, Жаңа Завод, Шошқалы, Бозалаң, Садыққашы және Шалдай ауылдарында жағдай күрделі. Ауыл тұрғындарының сөзінше, масалар бақшада жұмыс істеуге де, балалармен серуендеуге де кедергі келтіріп отыр.

Облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасының мамандары бұл жағдайды масалардың жаппай әрі қалыптан тыс көбеюімен байланыстырды.

Ведомство мәліметінше, облыс бюджетінен қаржыландырылатын кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар негізінен Ертіс өзені бойындағы аумақтарда жүргізіледі. Ал видео түсірілген Шербақты ауданы бұл бағдарламаға кірмеген.

Соған қарамастан, 10 маусымнан бастап ауданда масаларға қарсы тосқауылдық өңдеу жұмыстары басталды. Бұл үшін арнайы бүріккіштер, ыстық тұман генераторлары және маса дернәсілдерін жоюға арналған «Бактицид» биопрепараты қолданылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар