Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар пансионатында қарт адамдарды ұрып-соғып, тамақ бермей сұмдық қинағаны туралы ақпарат шықты

11:25, 14 қаңтар 2025 219

Павлодар қаласының прокуратурасы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, зейнеткерлерге қатысты зорлық-зомбылық жасалған жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтану, қозғалыс еркіндігін шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған тұрғындардың пәтерлерін жалға берген», – делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу ішкі істер органдарына тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің бабына сілтеме жасай отырып, басқа ақпарат жарияланбады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар