Павлодар облысының Железинка ауылы маңында "ЭЛИСА" ұйымы пайдаланатын Ан-2 әуе кемесі құлап, ұшқыш қаза тапты, деп жазады Alash.KZ
Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған.
Бортта екі адам болған, олардың бірі қаза тапты. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алған, ол есін біледі.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментімен тексеріледі”, - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Павлодар облысында ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты
09:06, 28 мамыр 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
"9,5 мыңнан астам адам жұқтырғаны хабарланды". Тағы бір індет әлемде тарап жатыр
14:33, 24 қазан 2026
"Бес адамның маймыл шешегін жұқтырған". Тағы бір індет тарап жатыр деген хабар шықты
09:21, 24 қазан 2026