Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Париж Олимпиадасында ел абыройын асқақтатқан Демеу Жадыраев Алматыға келді

Париж Олимпиадасында ел абыройын асқақтатқан Демеу Жадыраев Алматыға келді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды. Белгілі спорт саңлағын Алматы әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Жарыста грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадраев 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген.

Ол жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сулеймановты жеңді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар