Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пәк қыздар» тізімінің таралғанына кім кінәлі? Саясат Нұрбек түсіндірді

15:06, 06 наурыз 2024 536

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен отандық БАҚ-та «пәк қыздардың тізімі» туралы шыққан ақпарат қоғамда біраз  дау тудырған еді. Осы жайтқа байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

Шу тудырған ақпаратта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық деректерінде гинекологқа қаралған-қаралмаған мәселелері жазылған.

«Медициналық орталық қызметкері студент қыздарға арналған қосымша медициналық ақпарат бар жолдарды құжаттан алып тастамаған. Ал деканат қызметкері де бұл деректерді алып тастау керегін білмей немесе маңызды деп санамай, тізімді таратып жіберген. Тізімді алып, куратормен бірге бүкіл деканатқа «осы студенттердің флюрографиядан өтуін қамтамасыз етіңіздерші» деген өтінішпен таратқан. Міне енді осы жерде ең маңыздысы басталады. Неліктен пәктікті анықтау үшін тексеру жүргізілді? Шын мәнінде, бұл белгіленген студенттер маманның, гинекологтың тексеруінен өткен не өтпеген студенттер. Яғни, мәселе пәктікті анықтауда тұрған жоқ, тек гинекологтың тексеруінен өту қажет болған. Олар мұны медициналық түрде өздерінің тізімінде белгілеген. Яғни, бұл жерде бірден екі қате болып отыр. Медициналық орталық мұндай форматта ақпаратты жібермеуі керек еді, деканат та оларды тексеруі керек еді, – деп айтты Саясат Нұрбек Мәжіліс клуарында.

Министрдің айтуынша, байбалам салмай, тергеудің түпкілікті нәтижесін күткен жөн.

«Ал судья мұны бағалайды. Дербес деректер жарияланғаны анық. Мұны мойындап, жазалау керек. Бұл анық құқық бұзушылық, – деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар