Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пәк қыздар" тізімі: Кінәлілер қалай жазаланды?

13:11, 06 тамыз 2024 647
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке деректерінің жария етілуіне байланысты шыққан шу немене аяқталғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бәрі жазаланды

Министрдің айтуынша, университет пен медициналық орталықтың қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Университет қызметкерлері жазаланды. Жұмыстан шығарылды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір университетке қызмет көрсететін медициналық орталықтың қызметкерлері де жазаланды. Бұл медициналық орталықпен келісімшартты бұзу туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл тізбектегі барлық адам жазаланды, - деді ол.

Бұған дейін ҚазҰУ шу тудырған оқиғаға қатысты түсініктеме берген болатын.

2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен, - делінген хабарламада.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар