Қазақстанға келіп-кеткен қырғызстандық журналист қазақ телерадиокорпорациясына таңданысын жасырмады деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол «Exclusive KG» YouTube арнасындағы сұхбат барысында айтқан.
«Қазақстанға бардым, Алматыға. Теледидарды қоссам бірде-бір орысша контент жоқ. Орысша контенттің барлығын қазақшаға аударып қойған. Мемлекеті ақша бөліп, өзінің батырларын көрсетіп өзінше бір идеология жасап қойған. Мүмкін мемлекет бірінші қадам жасау керек шығар», - деді ол.