Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өзің қыздығын алуың керек”. Туған қызын зорлады деп күдікке ілінген әкесі туралы сұмдық дерек шықты

14:55, 23 ақпан 2025 2018

Алматыда өз әкесі туған қызын зорлады деп күдікке ілінді. Күдіктінің анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, ұлына жаба жабылып жатқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 


“Баламды келінім кінәлап жатыр. Қызды зорлады деп айыптап отыр. Ұлым зорламадым, жақындамадым, өз балам ғой дейді. Мал да өз баласына бармайды ғой. Мен балама барған жоқпын деп отыр. Сотта қыздың шешесі Жанат: “Қызымның жігіті бар, жүреді, түнімен қыдырады. Үйге келмей, қонбайтыны рас” деп айтыпты.

Осы оқиғаның болғанына 8 айдан асты. 8 ай бойы Әлібек ұлым темірторда отыр, бір өзін бір камераға қамап қойыпты. Тергеу амалдары жүріп жатқанмен, бәрі Жанаттың сөзін сөйлеп отыр. Сот үкімі шыққан жоқ.

Келінімнің айып тағып отқан себебі, оған көлік алып берді, жүргізуші куәлігін алып берді, екі балама деп екі жер алып қойды. Ұлымның екі қабатты үйі бар. Сол көздегендері - үй-жай шығар. Балам ішпейді, шекпейді. Дүние-мүлікті алу үшін осылай айыптап отыр. 

Әлібек балам РОВД-да ұрып-соққасын шыдамай, кінәні мойындадым деді. Ұлымды көрмегеніме 8 ай болды. Менің балам жуас. Ондайға қимаймын”,- деді күдіктінің анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар