Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өзің қыздығын алуың керек”. Туған қызын зорлады деп күдікке ілінген әкесі жайлы тың дерек шықты

21:09, 16 ақпан 2025 3853

Өз әкесі туған қызын зорлады деп мәлімдеген келіншек журналист Руслан Өтепбайдан көмек сұрап, бар шындықты айтып берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Күйеуім ішпейді, шекпейді. Ешқандай жаман қылығы болмаған. Естіген кезде өзім де шокта болдым. Сенер, сенбесімді білмедім.

2024 жылы 1 шілде күні бұл жағдайды үлкен қызым арқылы білдім. Екінші қызым үлкен қызыма айтқан екен. Басында көп уақытқа дейін сенбей жүрдім. Қызымнан қайта-қайта “Рас па, өтірік пе?” деп сұрадым. Мұндай нәрсе мүмкін емес деп ойладым, өйткені күйеуімнің ондай әрекетін байқамаған соң сенбедім.

Бұл жағдай 2023 жылы басталып, аптасына бір реттен бір жылдан аса уақыт бойы жалғасып келген. Үйде болған. Ол кезде мен жұмыста болғанмын. Кейде біз сыртқа шығып кеткенде, екі қабатты үйіміздің екінші қабатындағы қыздың бөлмесіне барып істеген.

Бұрын бір жерде жұмыс істеген кезде, орыс кісі оған: “Қызыңды күйеуге бермей тұрып, өзің қыздығын алу керек” деп айтыпты. Күйеуім бұл сөзді сол кезде маған да айтып келді. Оның осыны айтқанына біраз уақыт болды. Сол сөзден кейін бұзылды деп ойлаймын.

30 маусым күні үйде ұрыс болды. Күйеуім кішкентай ұлым мен қызыма ұрсып, ұрған. Мұны көргеннен кейін қызым шыдамай, осы жағдайды айтып берген. Қатты шокта болдым. Бірден милиция шақырамын деп ойладым”,- деді қыздың анасы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар