Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзгеріс енгізілді! Әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет»: Министр маңызды мәлімдеме жасады

12:45, 07 қыркүйек 2026

Мұғалімдерге ата-аналардан келетін хабарламаларға кешкі сағат 18:00-ден кейін жауап бермеуге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ата-аналардың мұғалімдерге сұрақтарын сағат 18:00-ге дейін қоюы орынды. Ал педагогтердің одан кейінгі уақытына құрметпен қарау қажет.

«Біздің ұстанымымыз нақты: ата-аналар чаттарында сағат 18:00-ге дейін сұрақтар қоюға болады. Ал 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның сөзінше, биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, мұғалімдердің сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектеп пен оқу процесіне қатысты жауапкершілігі нақтыланған.

Министр бұл талаптар заң аясында реттелгенін атап өтті. Ал сағат 18:00-ден кейінгі уақытқа қатысты мәселе ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп талқыланатынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар