Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы орны толмас қайғыға қарамастан, жаңа баспанаға көшу қуанышын атап өткені үшін өзіне сын айтқан көпшілікке жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Продюсер жазбасында бақилық болған бауырын сағынышпен еске алып, өзіне негізсіз сөгіс айтқандарға ренішін білдірді.
«Құрметті қазақ елі, оқырмандарым! Сіздерге өтініш, өзегім өртеніп, жүрегім тілім-тілім болып, жан ағам болғанда да, өзімнің жаныма өте жақын, бір-бірімізді сағынышпен іздеп, маңдайымнан мейірлене иіскеп отыратын ағатайымнан айрылуымды, подписчик көбейтіп, хайп жинау үшін түрлі сынға алып өсектей бермесеңіздер! Тас түскен жеріне ауыр, менің жүрегімнің астаң-кестең болып жүргені сіздерге әрине сырт көзге беймәлім.
Ал енді бізде әле қоныс тойы болған жоқ, қоршаған ортамыз, әулетіміздің үлкені Гүлзира күніге ағаның жаназасына, 7 сіне келе алмағандар кіріп шығамыз деп күніге қаншама адамдар хабарласып жатыр деп жатырсың, жаңа үйіңе көз жаспен емес шашумен кірсін, жақсылықтар болсын деп араласып жүрген кісілеріңнен 5-6 адам шақырып шәй беріп жібер деген соң, азын аулақ поварларсыз өзім қазаныма құырдағымды қуырып, самаурынымды қойып құран оқытып жібердім, үйдегі қызыммен ұл-келінімнің көмегімен. Әйтпесе аспаз шақырып тұрып үлкен етіп тойлауға болар еді. Бұл үйде жасы ортаға келген менен басқа жастар тұрады оныда жақсы білесіздер. Өлімнің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды екен, бәріміздің ертелі кеш баратын жеріміз сол зират. Өсектің де жөні түзуін жазсаңыздар!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.