Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында жазба жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниалдың шаңырақ көтергенін айтып, жас жұбайларға ақ тілегін арнады.
«Басқа тойды тойламасаң, өзің біл, Екі жастың бақыт тойы тойлансын!» — демекші, Жұмабек мырза мен Динараның шаңырағында дүбірлі той!
Кеше ғана Айнұрды ақ жол тілеп өзім ұзатып едім, бүгін, міне, ақ босаға аттаған келінімізді әсем әнмен той төріне кіргіздік. Екі әулет тойының ең толқулы да тағылымды сәтін жақсылыққа ырымдап, маған аманаттағандары ерекше жауапкершілік ұялатты .
Ниеттеріңіз қабыл болып, жастарға біздің тек бақытты жолымызды берсін!
Қазақ еліне тағы бір жарасымды отбасы қосылды деп қуандық. Ата-аналарыңның үмітін ақтап, қос әулеттің мерейін асыратын, бірлігі бекем, берекесі мол жанұя болыңдар!
Ақ отауларыңның керегесі кең, шаңырағы биік болсын!», – деп жазды ол.