Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анасын көрмеген балалар жылап көрісті…”: Ақбаянның қазіргі жағдайы белгілі болды

13:00, 06 қыркүйек 2026

Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі кезінде жүйке аурулар ауруханасында жатқан Ақбаян Мұқанғалиева үйіне жіберілді, деп хабарлайды Alash.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, Ақбаян қазір туыстарының жанында екен. Бейімдеу орталығындағы балаларына да бірнеше рет барған. Біраз уақыттан бері анасын көрмеген балалар жылап көріскен. 

Енді анасы оларды өз қолына алуы мүмкін.Бұған дейін сот олардың қамқорлығын анықтауды білім бөліме жүктеген. Орталық басшысы балаларды анасына беру-бермеуді арнайы комиссия анықтайтынын айтады. Туыстарының айтуынша, Ақбаянның емі толық аяқталмаған. Бірақ балаларының бәрін танып, сағынғанын жиі айтады екен. Ата-анасы мен бауырларының күйеуінің қолынан қаза болғанын әлі білмейтін көрінеді. Айта кетейік, алғашқыда Ақбаян Мұқанғалиева да азаматтық некедегі күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевпен бірге аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылды. Кейін сотта оның психикалық жағдайына  құқықтық баға беріліп, айыбы алынып тасталды. Ол Атырау қаласындағы жүйке аурулар ауруханасында емделді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар