Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ШҚО-да жер сілкінді – Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме жасады

23:30, 06 қыркүйек 2026

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

ТЖМ хабарлауынша, 2026 жылғы 6 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 23:08 -де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°.

Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылы – 2 балл»,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар