Клиенттердің басым бөлігі келісімшарт үшін төлем жасаудан бас тартқан деп хабарлайды Alash.kz . Қараша айында онлайн рәсімделген 100 мың келісімшарттың тек 20 833-і ғана төленген. Яғни шамамен 80% сатып алушы төлем жүргізбегендіктен, олардың келісімшарттары автоматты түрде жарамсыз болып қалды.
Осы жағдайдан кейін компания сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізді: енді Cobalt моделін дилерлік орталықтардан тікелей алуға мүмкіндік бар. Кезек те жоқ, артық әбігер де жоқ — келісімшарт үшін жарыспай-ақ сатып алуға болады.
Бос тұрған барлық көліктер автосалондарға жеткізілген.