Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан президенті халқына тегін қой таратуды бастады

16 ақпан 2022 197

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының мәліметінше, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев он күн ішінде өзбек халқына 350 мың бас қой мен қозыны таратып беруді бұйырыпты.

Ақпаратқа сүйенсек, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 100 миллион доллар жұмсалады екен. Хокимдермен бірге түрлі лауазымдағы тұлғаларға 67 бірдей ірі қой шаруашылығын құруға бір апта уақыт берілген.

Сонымен қатар, 2022 жылы облыс басшылары өаракөл, қой, қозы және жүн шаруашылығының есебінен 150 мың жаңа жұмыс орынын құруы керек. Жыл аяғына дейін 123 ірі жоба қолға алынбақ.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?