Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан жауап берді, қазақтар үнсіз

08:54, 26 қаңтар 2024 297


Ресейдегі арандатушылар айылын жияр емес. Күні кеше Ресей тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған деп мәлімдеме жасаған болатын. Бұған Сыртқы істер министрлігі ешқандай реакция танытпады.

 



Ал Өзбекстан тарапы бұған жауап берді. Осы орайда журналистер Парламент Сенаты кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаевадан ресейлік тарихшыны қара тізімге енгіземіз бе сұрады.
Қоғамда кейбір жеке тұлғалар өткенге және Қазақстан тарихына қатысты түрлі пікір айтады. Менің ойымша, жеке тұлғалардың пікіріне комментарий берудің керегі жоқ. Оның заң және практика тұрғысынан мәні жоқ. Сондықтан басқа сұрақтарыңыз болса, аптаның әр дүйсенбісінде Сыртқы істер министрлігіне өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Мұнда осындай сұрақтар қойылады, – деп жауап берді ол.

Журналистер "Қазақстан бұған жауап бермей ме? Себебі, бұл ұлттық бірегейлікке қатысты мәселе ғой", – деп сұрады.

Мен сұраңызға жауап бердім. Рақмет, – деп қысқа қайырды Сыртқы істер министрінің орынбасары
Назира Нұрбаева.

Мәселе қайдан шықты?

НТВ телеарнасының «Место встречи» бағдарламасына сұхбат берген тарихшы әрі жазушы Михаил Смолин қазақ, өзбек, әзербайжан деген ұлттар ешқашан болмаған, олар қолдан жасалған деген сөз айтқан.
«Қазақстан деген қалай пайда болды? О баста РСФСР құрамындағы Қазақ ССР-і деген пайда болды. Яғни ешқандай қазақ деген болған жоқ. Кейін Қазақ ССР-інің құрамында Қырғыз ССР-і дегенді құрды. Одан кейін оларды РСФСР-ден бөліп шығарды. Ол жерде ұлт қалыптастыруға қатысты небір сорақы шешімдер іске асты. Мысалы, революцияға дейін өзбек деген болған жоқ. Ондай этникалық атау болған емес. Алды да бірнеше Орталық Азиядағы ұлттан өзбектерді жасап шықты. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтсақ болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Айтпағым Ресей империясының жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді», - дейді ол.

фото dzen.ru

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар