Танымал журналист Дана Нұржігіт әкесіз ұл тәрбиелеудің қандай қиын екенін айтып, оқырмандарына ағынан жарылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады.
“13 отау иесі дегендей, кейбір әңгімені мен емес, әкесі айтуға тиіс еді, әттең… Қолдан келгенше, сауатты жеткізетін адам сөйлессінші деп қазақы тәрбие көрген маман іздедім. Уролог-андролог 14 жасар балаға ағзада осы кезде болатын жыныстық, психологиялық өзгерістер жайлы айтып берді. Маған қойған Әлімнің кейбір сұрақтарына жауап бере алмай қысылатын едім. Аналық міндетімді жеңілдетіп, дәрігер-маман сауатты жеткізді. Біраздан соң барсам, екеуі кең отырып, сырласқанын аңғардам. Күліп, әзілдесіп, қауқылдасып отыр. “Жыныстық қарым-қатынас, жеке гигиена, спорт, тамақтану, гормон өзгерісінің бәрін қамтыдық” деді дәрігер. Әлім ер азаматқа осы кезден уролог-андролог дос болу керек екенін түсінгендей”, – деп жазды медиа маманы.