Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 5-департаментінің басшысы Руслан Ысқақов түрмеде аштық жариялаған.Бұл туралы оның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Евгений Яворский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Адамдар мұндай қадамға жайдан-жай бармайды, оның белгілі бір себептері бар. Құзырлы органдардан Русланның бұл шешімге не үшін келгенін анықтауын сұраймын. Оның қандай жағдайға тап болғанын білу – біз үшін маңызды», – деді Евгений Яворский.