Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайтыс болған спортшы қыздың мемлекет сыйлаған пәтерін әкімдік тартып алған

18:55, 04 ақпан 2025 844

2022 жылы Семейден шыққан сурдодзюдошы Ләззат Бақтиярова Бразилияда өткен XXIV жазғы сурдолимпиада ойындарында сурдодзюдодан қола медаль иеленген. Анықталғандай, әкімдіктің тұрғын үй қатынастар бөлімі марқұм спортшының әкесінен ол үйді «тартып алған»,  деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

Яғни, тұрғын үй қатынастары бөлімі марқұмның әкесі мұрагерлік құқығына ие болғанына алғанына қарамастан, тұрғын үйді жалдау шартын біржақты тәртіпте бұза салған.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, марқұм Ләззаттың әкесі бұл шешіммен келіспей, тұрғын үй қатынастары бөлімі мен қала әкімдігіне қатысты арыз жазған.

«Ұлттық Сурдлимпиадалық комитеті Ләззаттің әкесін қолдап, спортшының жетістігі Қазақстандағы Сурдлимпиадалық қозғалысты дамытқан маңызды қадам болды деген. Абай ауданының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осы істі қарап, тұрғын үй қатынастары бөлімінің талап қоюшының отбасы мүшесі емес екендігі туралы дәлелдерін негізсіз деп тапты.  Сондай-ақ, мұрагермен шарт жасасудан бас тарту «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 47-бабының 5-тармағын бұзатыны, оған сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері қайтыс болған жағдайда, тұрғын үйді тегін алу құқығы оның мұрагеріне өтетінін алға тартты», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Осылайша, Абай ауданының соты марқұм спортшының әкесі берген арызды қанағаттандырып, тұрғын үй бөлімін баспананы спортшының әкесіне өтеусіз беруді бұйырған.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енбеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар