Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Куәлік алуға Шымкентке келген: 20 күн бұрын жоғалған жас жігіт өлі табылды

14:47, 05 ақпан 2025 1466

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған Бәйдібек Ақмырзаұлы өлі табылды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеп.

Редакцияға бұл туралы Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ол кейінгі рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.

Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайда шығарып салған.

"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар