Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өгей әкесі 7 жастағы баланы анасының көзінше өлтіріп, денесін су қоймасына лақтырған

14:41, 04 ақпан 2025 1084

Өгей әке 7 жастағы баланы анасының көз алдында өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды Alash.kz.

Черняховск қаласында (Калининград облысы) өгей әкесі 7 жастағы баланы аяусыз ұрып өлтірген. Кейін ата-ана баланың денесін жасырған, полицияға оның жоғалғаны туралы хабар беріп, өздері оны іздеп жүргендей кейіп танытқан.

SHOT басылымының мәліметінше, бала 2 ақпан күні күндіз жоғалған. 3 ақпанда оның анасы мен өгей әкесі полицияға жүгініп, Данилаға ұрысқанын, балалар үйіне тапсырамыз деп қорқытқанын, содан кейін баланың үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы айтқан.

Баланы бір тәуліктен астам уақыт бойы полиция мен еріктілер бүкіл қала бойынша іздеген. Іздеу жұмыстарына Даниланың ата-анасы да белсенді қатысқан.

Алайда тергеу кезінде анасы шыдай алмай, шындықты мойындағанбаласын өгей әкесі өлтіргенін айтып берген. Әйелдің сөзінше, ер адам бұған дейін де оны және Даниланы жиі ұрып-соғып жүрген, ал бұл жолы қолының күшін есептей алмай қалған.

Күдікті бірден ұсталды, ол кінәсін мойындап, баланың денесін қайда жасырғанын көрсеткен. Қатты зақымдалған мәйіт үйдің маңындағы су қоймасынан табылды – бала кірпішке толтырылған қоқыс қапшығына салынған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар