Журналист Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алмас Кішкенбаевтың айыбына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы өзінің телеграм каналында жазды.
Жамандыққа қимағаным рас… Сот Алмасты кінәлі деп тауыпты. Ол есімде жоқ деген көрінеді. 15 күн әкімшілік қамауға алынды. Жала шығар деп ойлағаным да рас. Кәмелетке толмаған балаға қатысты кез келген бұрыс әрекеттерді ешқалай ақтауға болмайды! Мас күйінде болу – ешқандай сылтау емес. Заң барлығына бірдей! Соңғы күндері менен Алмастың телефонын сұрап хабарласқан БАҚ өкілдері, достарым, таныстарым көп болды. Мендегі бар нөмірлерін бердім. Алмаспен уатсап чатты ашып қарасам, былтыр жазда сөйлескен екенбіз. Алмасқа соншалық не болды екен?..”,- деді ол.