Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбек шенеуніктері жұмысқа автобуспен барады

12:43, 28 наурыз 2024 392

29 наурыз, жұма күні Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді. Президенттің ақпан айындағы жарлығымен бұл күні басшылар мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа қоғамдық көлікпен баруы керек.

Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгерістер министрлігі 29 наурыз, жұма күні Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясын өткізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

Акцияның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қалалардағы көлік қозғалысын азайту және қоғамдық көлікті дамыту.

Экология министрлігі баршаны «бұл күні өтіп жатқан акцияға бей-жай қарамай, қоғамдық көлік, велосипед және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін басқа да көлік түрлерін таңдауға» шақырды.

Еске салайық, Ташкентте айына бір рет өтетін «Автокөліксіз күн» қоғамдық жобасын жүзеге асыру, қалың жұртшылық өкілдері мен табиғатты қорғау белсенділерінің ұсыныстары негізінде президент Шавкат Мирзиёевтің 21 ақпандағы жарлығымен бекітілген болатын.

Бұл күні ғимараттары Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылығы мен басқа да қызметкерлеріне «жұмыс орнына қоғамдық көлікпен келу арқылы жеке үлгі көрсету» тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар