Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз үйінде көз жұмған». Қаралы хабар: Әйгілі актер 86 жасында өмірден өтті (ФОТО)

11:56, 30 қазан 2026

«Икс адамдары» фильмдеріндегі профессор Чарльз Ксавьер рөлімен әлемге танылған әйгілі актер Патрик Стюарт 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Актер 28 қазанда Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмған. Оның қайтыс болғаны туралы ресми әлеуметтік желі парақшаларында хабарланды.

Стюарт Альцгеймер ауруымен және Леви денешіктері бар деменциямен күресіп келген. Соңғы сәтте оның жанында жары Санни болған.

Киносүйер қауым үшін ол «Икс адамдары» (X-Men) франшизасындағы профессор Чарльз Ксавьер ретінде, ал «Жұлдызды жол» (Star Trek) туындысының жанкүйерлері үшін капитан Жан-Люк Пикар ретінде мәңгілікке есте қалады.

Актерге мега-танымалдылық 47 жасында, «Келесі буын» (Star Trek: The Next Generation) экранизациясы жарыққа шыққанда келді. Оған дейін ол жылдар бойы Шекспир театрының сахнасында өнер көрсеткен еді.

Тіпті оның жақын досы Иэн Маккеллен кезінде «Жұлдызды жол» жобасынан бас тартып, театр сахнасында қалуға кеңес берген екен. Кейіннен қос актер «Икс адамдарында» Ксавьер мен Магнето рөлдерін бірге сомдап шықты.

Айта кету керек, Патрик Стюарттың экрандағы соңғы рөлі қалды. Ол жаңа «Кек алушылар» (Avengers) фильмінде профессор Ксавьер рөліне түсіп үлгерген. Картина алдағы уақытта көрерменге жол тартады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар