Бішкек қаласында 36 жастағы ер адам 16 жастағы қызын белдікпен ұрды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Жасөспірім анасына әкесінің үйіне барғанда белдікпен ұрғанын айтып, шағымданған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған, кадрларда ер адамның қызды балағаттап, үйден күштеп шығарып жатқаны көрінеді.
Бішкектің Ленин аудандық ішкі істер басқармасы әйелдің экс-күйеуін тауып, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.