Ресейдің Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстағы Еуропа мен АҚШ-тың қатысуына баға берді, деп жазады Alash.kz.
“Еуропада кілең неонацистер билікке келуде. Лондон, Париж, Берлин және басқада. Олар Украинаның қолына қару беріп, қалтасына қаржы салып, Киевтің қолымен бізге қарсы соғысуда. Ал АҚШ біздің позицияны түсіне бастады. Олар бұл мәселені шешуде біздің көзқарастың қандай екенін біледі. Қақтығыс тоқтау үшін оның алғышарттарын жою керек. Орыс тіліне, Украинадағы шіркеуге қысым болмауы шарт. Ғасырлар бойы Ресейдің тарихи аймағы болған территориялар қайтуы тиіс”, - дейді Лавров.