Белгілі әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы ашық пікірін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ел арасында кең танылған “Желтоқсан желі” әні арқылы азаттық аңсаған ұл-қыздардың жан мұңын жырлағаны туралы айтып, осы туынды үшін кей тұлғаларға жақпағанын да жасырмады.
Бір ән жазсаң, “ақылды болып кеттің бе?” дейді. Ал, ол менің жүрегіме қаншалықты тиеді. Ұлтымның сондай болғаны маған. Желтоқсандағы балалар мен қыздардың не жазығы бар еді? Қанша адам бақилық болып кетті? Білмейміз ғой біз. Бір Қайраттың өзін алайықшы. Қаншама қорлық көрді. Әлі күнге дейін ақиқаты ашылған жоқ. 40 жыл бойы ашылмай келе жатыр. 40 жыл болды. Келесі жылы барлық жігіттер мен қыздарды ақтайтын шығар. Ақтап алып, тұғырын беретән шығар деп ойлаймын. Статус деп қояды екен ғой.